АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жанжалды реттеуге қатысты соңғы ұсынысына наразылын білдірді. Шетелдік ақпарат құралдарының дерегінше, бұл ұсыныста ядролық бағдарламаны талқылау кейінге қалдырылған.
Бұған дейін Тегеран пәкістандық делдалдар арқылы Вашингтонға кезең-кезеңімен жүзеге асатын жоспар жолдаған. Алғашқы кезеңде қақтығысты тоқтатып, Парсы шығанағындағы, соның ішінде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы мәселесін реттеу ұсынылған. Ал ядролық бағдарлама тек содан кейін қарастырылуы тиіс болған.
Алайда АҚШ тарапы ядролық мәселені келіссөздің ең басында талқылау қажет деген ұстанымда. Ақ үйдегі талқылаулардан хабардар дереккөздердің мәліметінше, Дональд Трамп бұл мәселені кейінге қалдыруды құптамайды және оны келіссөздердің бастапқы кезеңінде қарастыруды талап етіп отыр.