Трамптың Қытайға сапары мұнай нарығына қалай әсер етті

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Әлемдік мұнай бағасы бейсенбі күні аздап құбылып тұр.

Фото: t.me/@news_kremlin

19 қараша күні таңертең Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 91,89 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,06 долларға немесе 0,07%-ға төмен.

Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 82,91 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,35 долларға немесе 0,42%-ға аз.

Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 0,03 долларға немесе 0,04%-ға төмендеп, барреліне 71,07 доллар болды.

Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің үзілу қаупі бағаға әсер етуді жалғастырып отыр. Бұған дейін йемендік хуситтер Эр-Риядтың батысындағы екі мұнай айдау станциясына дрондармен шабуыл жасағанын мәлімдеген еді. Олардың айтуынша, шабуылдан кейін нысандарда өрт шыққан.

Сонымен қатар нарық қатысушылары Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Дональд Трамптың алдағы үшжақты кездесуін бақылап отыр.

Кездесу 19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтеді.