Травматикалық қаруға салынған тыйым алынбайды - ІІМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға өзін-өзі қорғау мақсатында травматикалық қару ұстауға рұқсат берілмейді. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов арнайы брифингте осылай деп мәлім етті.

Мәнерлеп сырғанаушыДенис Теннің қайғылы қазасынан кейін қазақстандықтар өзін-өзі қорғау мақсатындатравматикалық қару пайдалануға қайта рұқсат беруді сұраған болатын. Министрлікөкілі ведомствоның бұл мәселедегі ұстанымы туралы айтты.

«Бұл мәселені бізқарастырдық. Талдау жасай келе, ондай қажеттілік жоқ деген шешімге келдік.Травматикалық қаруға 2014 жылы тыйым салынған болатын. Соңғы 5 жылда соның оңәсері байқалды. Көптеген адамдар оны заңға қайшы мақсаттарда пайдаланды. Қаруыбар адамдар кез келген кикілжің барысында оны қарсыласына кезенуді әдеткеайналдырды. Сондықтан басқа елдер сияқты біз де тыйым енгізген болатынбыз. Олтыйымның күшін жоятындай қажеттілік көріп отырған жоқпыз. Пневматикалық қару спорттық жарақ санатынажатады. Сондықтан ол тек нысана көздеуде ғана қолданылуы керек», - деді М.Байболов.

Соңғы жаңалықтар