Türkiye Open: Батырхан Төлеуғали соңғы жарыс күнінде алтын медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шешуші жарыс күні ерлер даянгқа шығып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Батырхан Төлеуғали (-87 кг) U21 санатында әлем чемпионы

Абылайхан Мергенбай (-63 кг)

Эльдар Бірімбай (-74 кг)

Бейбарыс Қабылан ( 87 кг) U21 санатында әлем чемпионы

Айта кетейік, кеше ересектер арасында Қазақстан әйелдер командасы 1 күміс, 4 қола жүлдеге ие болған.

Олар:

Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;

Нодира Ахмедова (49 кг) қола;

Мария Севостьянова (-53 кг) қола;

Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;

Назым Махмутова ( 73 кг) қола; ​

Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысты.

Ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді.