Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.
Қарсыластар бұған дейін өзара 13 рет кездесіп, соның жетеуінде Швентек жеңген еді. Соның ішінде өткен жылы осы жарыстың жартылай финалында поляк теннисшісі басым түсіп, кейін чемпион атанған еді. Сондай-ақ өткен аптада Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің финалында Швентектің тағы да мерейі үстем болды.
Бұл жолы бірінші партияда Ига 3:0 есебімен алға шықты. Есеп 1:4 болғанда, сол аяғын ауырсынған Елена медициналық көмекке жүгінді. Содан соң жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Ига Швентек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол ширек финалда тартысты матчта әлемнің 10-ракеткасы, отандасы Аманда Анисимованы қапы қалдырды – 6:4, 2:6, 7:6 (7:4).
Е.Рыбакина Цинциннати турнирінің финалына шыққанда, әлемдік рейтингіде көш бастайтын еді. Өкінішке қарай, бұл мүмкіндігін пайдалана алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Цинциннати мастерс турнирінде Елена Рыбакинаның ширек финалда Ига Швентекпен ойнайтынын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін бе, ол да сараланды.
Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.