Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Румыниядағы Яссы турнирі: жарыстың 1-ракеткасын жеңген Жібек Құламбаева финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева румыниялық Ирина Барэмен бірге алдымен швейцариялық Алина Гранвер – италиялық Джорджия Педонені қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Жібек пен Ирина ширек финалда румыниялық Елена Руксандра Бертеа – ресейлік Ксения Зайцеваға тап келді. 

Екі сет те 6:2 есебімен қазақстандық-румыниялық дуэттің пайдасына шешілді.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Цинциннати мастерс турнирінде Елена Рыбакинаның ширек финалда Ига Швентекпен ойнайтынын жазған едік

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін бе, бұл да хабарланды