«ЦОН» мобильді қосымшасында «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды
14:27, 22 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Осы арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді.
Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.
Айта кетейік, биылғы тамыз айында Қазақстанда 159,5 мың автокөлік құралы тіркелді. Олардың 15,2 пайызы алғаш рет есепке қойылған.
Елдегі көліктердің жартысы 20 жылдан бері қолданыста жүр.
Қазақстанда көлік жөндеу қызметінің құны қанша екенін жазған болатынбыз.