Цунами туралы ескерту Жаңа Зеландия парламентінің жұмысын тоқтатуға себеп болды
14:42, 31 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Зеландия парламентінің депутаттары Камчаткадағы жер сілкінісінен кейінгі цунами туралы ескертуге байланысты отырысты тоқтатуға мәжбүр болды, деп жазды Kazinform тілшісі.
Спикер сөз сөйлеп жатқан кезде ғимаратта дыбыстық ескерту қосылып, барлық қатысушылар эвакуацияланды.
@abcnewsaus A New Zealand-wide emergency mobile alert has been issued after a major 8.8 magnitude earthquake in Russia threatens tsunami activity. The alert disrupted New Zealand's Parliament, with Speaker Barbara Kuriger suspending the House. Get the news that matters to you straight from the source. Download the ABC NEWS app via the link in our bio. #NewZealand #Tsunami #Earthquake #NZ #ABCNews ♬ original sound - ABC News Australia
Бұған дейін Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды, әртүрлі бағалаулар бойынша, оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Цунами Солтүстік Курильск жағалауына соққы берді.
АҚШ-тың Геологиялық қызметі бұл Камчаткадағы жер сілкінісін 2011 жылдан бергі ең күшті табиғи апат деп атап, оны 1900 жылдан бергі әлемдегі ең күшті 10 жер сілкінісінің қатарына қосты.
Камчаткадағы жер сілкінісі бірнеше елде цунами туралы ескертуге себеп болды.