Шокир Бабаевтың отбасы жылда ұл-қыздары мен немерелерімен бірге мерекені ерекше қарсы алады. Бұл - мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілік екенін айтады.
– Мемлекеттік туды орнатып, мынау өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін, немерелерімізді, бала-шағамызды отансүйгіштікке тәрбиелейік деген ниетпен ҚР Мемлекеттік туын көтеріп, Әнұранды шырқап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметімізді білдіреміз, - дейді Шокир Бабаев.
Ту тұғырының биіктігі – 10 метр. Жалаудың ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр. Тәжік ұлтының өкілі бұл рәсімді ұлттық бірлік пен татулық символына балайды.
– Мақтарал ауданында тұратын тәжік этно-мәдени бірлестігінің өкілдері мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, мемлекеттік тілде білім алып, мемлекеттік тілдегі балабақшаларға барып, қазақ халқымен бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатыр, - дейді ол.
ҚР Рәміздері күні барша қазақстандықт расми мерекемен құттықтап, ел аман, жұрт тыныш болсын деген тілегін де білдірді.
Еске салайық, бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Кейін 2006 жылдың 6 қаңтарында қайта өзгертілді.
Ал Қазақстан рәміздерін қорлағандарға қандай жаза қолданылады? Агенттік тілшісі рәміздер күнінде осы сауалға жауап іздеп көрді.