- 2025 жылы (осы жылдың маусым айындағы мәліметке сәйкес) оқу орындарын бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіштері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 75 пайызды, ал ақылы негізде 69 пайызды құрады. Оқуын аяқтаған жас мамандармен түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстел отырыстары, жаппай түсіндіру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу барысында аталған көрсеткіштердің былтырмен салыстырғанда артқаны байқалып отыр, - делінген комитеттің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұған дейін хабарланғандай, жақында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі университеттердің ақылы бөлімінде оқыту құнына қатысты пікір айтты.
Айта кетейік, қазір жаңа оқу жылына студенттер контингентін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.