Түлкібастағы атыс: үш науқастың жағдайы тұрақты

Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Дәрігерлер Түлкібас ауданындағы атыста оқ тиген үш науқастың жағдайы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Денсаулық сақтау басқармасынан нақтылағандай, зардап шеккендердің жалпы жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде. 

— Екі науқас палатада жатыр. Олар дәрігерлердің нұсқауы бойынша толық ем алып жатыр. Жағдайы жақсарып келеді, науқастардың жалпы жағдайы жақсарды, — деп атап өтті ведомстводан. 

Зардап шеккен үшінші адам амбулаториялық емдеуге шығарылды.

Еске сала кетсек, 2025 жылы 2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелді. 

Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. 
Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.