Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті төрт бірдей тұрғын жылқыларының ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Олардың бірі 30 бас жылқысын жайылымға қараусыз жіберіп, кешкісін жылқылар арасынан жалпы құны 4 миллион теңге тұратын 12 бас жылқысы жоғалғанын көрсеткен.
Осы секілді арыздар тағы 3 бірдей жәбірленушіден түскен. Олар да жайылымда жүрген 11 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтып, шағымданған. Сөйтіп, мал иелеріне жалпы құны 3 500 000 теңге шығын келгені анықталған.
Аталған оқиға қатысты ҚР ҚК-нің 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары тарапынан жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылған. Нәтижесінде осы қылмыстарды жасаған деген күдікпен 3 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, жасаған қылмыстарын толығымен мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.