Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 27 қарашада ауа райы қандай болады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 27 қараша күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Аздаған жауын-шашын жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсер етіп көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Желдің жылдамдығы Жетісу облысында 22 м/с дейін, ал Шығыс Қазақстан және Абай облысында 25 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ осы екі өңір мен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысында қар жауып, боран соғады. 

Астана қаласында күн ала бұлтты болып, ауа температурасы 0 градусты көрсетеді. Қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. 

Алматы қаласында күн жылы, жауын-шашынсыз болады. Термометр бағаны +12+14 °C-ді көрсетеді. 

Түркістан облысында күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз болады.

Қызылорда облысында көшпелі бұлт жүріп, ауа температурасы +11+13 градусты көрсетеді. Кей уақыттарда тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысында да көшпелі бұлт жүреді. Күн райы жауын-шашынсыз. 

Айта кетейік, бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды.