Тұман, көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - 2 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

2–3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман.

2 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында тұман болады.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде, батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында, Көкшетау қаласында тұман түседі.

Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттардан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында күндіз шығыс, оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында да мезгіл-мезгіл тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында және Орал қаласында тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Қарағанды қаласында да кей кездері тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігі, батысы және шығысында, Павлодар қаласында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Ақтау қаласында күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Қостанай қаласында түнде көктайғақ, тұман болжанады.

Астана қаласында тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Осыған дейін Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелгені туралы жаздық.