Абай облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында күндіз шаңды дауыл соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Атырауда өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аудандарда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі. 13-14 қазанда Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында 13-14 қазанда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында 13-14 қазанда өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстігі мен орталығында жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Осыған дейін елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болатыны туралы жаздық.