— Төтенше жағдай туындаған сәттен бастап оқиға орнында жедел штаб құрылып, оның жұмысын Алматы облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Даурен Оразбеков үйлестіруде. Су тасқыны салдарын жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған, — деп хабарлады министрліктен.
Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-қалпына келтіру жұмыстары, зақымданған автомобиль жолын тазарту және көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. ТЖМ күштерімен 42 адам, оның ішінде 3 бала және 8 шетел азаматы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды.