Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тұрғын үй және құрылыс материалдары нарықтарындағы бағаларды тежеу жөніндегі шаралар іске асырылды.
«2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өсті. Негізгі өсім қаңтар айында 3% көлемінде байқалды. Бағаның төмендеуі туралы 15 хабарлама жолданды. Оның 14-і орындалды және 1 тергеп-тексеру тағайындалды. Ірі компаниялар – Базис, Би Ай Групп, Рамс және өңірлік құрылыс салушылар бағаны 7-ден 20 пайызға дейін төмендетті. Нәтижесінде ай сайынғы бағаның өсу қарқыны қараша айында 0,6%-ға дейін төмендеді», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.
Құрылыс материалдары нарығында баға 26%-ға артқан. Сондықтан мұнда да монополияға қарсы шаралар кешені жүргізіліп, 84 хабарлама жолданған. Оның 50-і орындалды. 20 тергеп-тексеру тағайындалды, оның жетеуі аяқталды. Нәтижесінде баға 5-25% аралығында арзандаған.