Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясын ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің ұлттық павильондары орналасқан. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Экспозицияларда бауырлас халықтардың ынтымақ-бірлігі мен сан алуан мәдениеті, бай рухани дәстүрі көрініс тапқан.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне арқау болған ежелгі түркі өркениеті, соның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи Қазақстанның келбеті жайында мәлімет берілді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін «Кулие» сарайына барған еді.