Түркістан облысы бойынша департаментке жаңа басшы тағайындалды - МҚІА

Фото: None

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істеріагенттігі Төрағасының орынбасары ДарханЖазықбаев облыс активі мен департамент қызметкерлерінеТүркістан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмышведомоствоның Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік төрағасының бұйрығымен аталған лауазымға Исақов Болат Әлмұханұлы тағайындалды.
Таныстыру барысында ДарханМедеғалиұлы Б.Исақовтың жаңа қызметінетабыс тілеп, Мемлекет басшысының халыққасапалы қызмет көрсетуге бағытталған тапсырмасын нәтижеліорындауды тапсырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер халыққа жақын болуы қажет екендігін тілге тиек етіп, киеліөңір жұмысының ілгерілеуіне үлес қосып жатқан Департамент қызметкерлеріне сенім білдірді.

Исақов Болат Әлмұханұлы 1968 жылыЖамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылыС.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін математик, 1999 жылы«Әділет» жоғары құқық мектебін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауарөндірушілер қауымдастығының инженері болып бастаған. 1993-1994жылдары «Кай» жеке фирмасының маркетинг жөніндегі маманы,1994-1995 жылдары«Жамбыл-Интер» қауымдастығының ақпараттық бөлімініңмаманы, 1995-2000 жылдары Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының басмаманы болып істеген.
2000-2010 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңЖамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысыныңорынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, 2010- 2013 жылдарыЖамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет еткен.
2013-2014 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысыбойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңестің төрағасы, 2014 - 2016 жылдары ҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңАлматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,Тәртіптіккеңестің төрағасы қызметін атқарған.
2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойыншадепартаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметінде болған.
2016 жылдың21 қазанынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БатысҚазақстан облысы бойынша департаментініңбасшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымында қызмет етіп келген.

Соңғы жаңалықтар