Түркістан облысында 12 үйді тонаған қылмыстық топ ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрлығы мен мал ұрлығына машықтанған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың мамырайында Сарыағаш аудандың полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Оныңайтуынша ешкім жоқтығын пайдаланып, түнде белгісіз біреулер терезе арқылы үйінекіріп, миллион теңгеге жуық ақшасын алып кеткен. Ал, ауданның басқа бір тұрғынымаусым айында ұрылар үйіне кіріп, жатын бөлмеден 1,3 миллион теңгеге жуық ақшасымен алтын бұйымдарын ұрлағандығы туралы арызданады. Осы тектес шағыммен полициябөліміне ауданның бірнеше тұрғыны хабарласты, олардың да ақшалары мен бағалызаттары ұрланған.

Осы қылмыстарды ашумақсатында облыстық ПД және Сарыағаш ауданының тәжірибелі қызметкерлерденқұралған топ құрылды. Полицейлер Сарыағаш ауданының үш тұрғынын күдікті ретіндеқолға түсірді. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің 12 пәтер ұрлығы мен малұрлығына қатыстылығы айқындалды. Олар шілде айында жергілікті тұрғының қорасынан2 қойын ұрлап кеткен. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің «Ұрлық» 188-бабы бойыншасотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілгенжалпы шығынның көлемі 4,5 миллион теңгені құрады. Қазір полиция қылмыстық топтыңоблыстағы басқа да ұрлықтарға қатыс бар-жоқтығын анықтауда.