ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен.
«112» қызметіне хабарлама түсісімен оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері барды. Құтқарушылар арқанның көмегі арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне жіберілді. «Қазір баланың жағдайы бір қалыпты», - деді Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.