Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған.
Алайда 3 айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шардара АПБ полиция қызметкерлері
қой ұрлауға қатысы бар бақташы - Шардара ауданының тұрғынын ұстады.
Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз
қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28, 5
миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа
дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.