Шеру кезіндегі жағдайды пайдаланған бұзақылар Жетісай, Арыс, Сарыағаш аудандарында, Кентау және Түркістан қалаларында бүлік шығаруға тырысты. Мәселен, облыс орталығында 500-ден астам адам көшеге жиналып, жолдарды, сондай-ақ теміржолдарды жаппақшы болған.
Бұл туралы Түркістан облысының коменданты, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков айтып берді.
«Полицейлердің алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал мұны полицейлер мүлтіксіз орындады. Нақты және жедел іс-әрекеттердің арқасында жеке құрам қызметкерлері шұғыл қимылдап, жаппай тәртіпсіздік пен заң бұзушылыққа мүлде жол бермеді», - деді Қ.Дәлбеков.
Жалпы, төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтармен 900-ден астам адам жеткізілген. Оның ішінде 329 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы аумағындағы жағдай тұрақты.
19:46, 11 Қаңтар 2022
Түркістан облысында да бұзақылар жолды жаппақшы болған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елде орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде Түркістан облысында да бұзақылар жолды жаппақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.