Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні ұстады. Егде жастағы ер адам ауласында құрамында есірткі бар өсімдіктің көп мөлшерде өсірген.
Оның үйін тінту кезінде көкнәр тәріздес 4 730 түп есірткі өсімдігі табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 келіден асты. Ал ал кептірілген көкнәрдің салмағы 12,5 келіге жуықтады.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Аталған бап бойынша үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырылады.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктінің есірткіні не себеппен өсіріп, сақтағанын анықталып жатыр.