Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.
«Шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша шара қолданылып, ел аумағынан аластатты» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Атай кетейік, Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар бұдан бұрын да ұсталған болатын.