Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Сарыағаш ауданындағы полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Тінту барысында қалтасынан көліктердің құлпын бұзып, оңай ашатын құралдар табылған. Тергеу шараларының барысында оның бұрын да көлік ұрлығы қылмысын жасағаны анықталған.
Яғни, өткен тамыз айында жергілікті тұрғынның құны 1 млн теңгеден асатын «ВАЗ» көлігін айдап кеткен. Қазіргі таңда сезікті уақытша тергеу абақтысына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.