Түркістан облысында полицейлер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Акцияда келушілерге жол белгілерінің реттілігі, жүргізуші куәліктерін бірінші рет алу немесе ауыстыру, автокөліктерді тіркеу заңдылығы айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан шетел көліктерін мемлекеттік тіркеу мен айыппұлдарды төлеу, көші-қон қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Жолда қабылдау» акциясын өткізу арқылы азаматтармен ашық қарым-қатынас орнатылып, полицейлерге деген сенім ұлғайған.
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталғалы 1 жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта тұрғындар толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, өз мәселесін шешуде. Бүгінгі өткізілген іс-шарада да жұртшылық өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, кеңес алды. Барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы акцияның басты мақсаты - тұрғындарға құқықтық кеңестер беру, жергілікті полиция қызметіне азаматтардың сенімін арттыру, құқық қорғау органы қызметкерлері мен азаматтар арасындағы байланысты нығайту болып табылады»,- дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау орындарында және аудан, қалалық полиция басқарма, бөлімдерінің жанынан құрылған халықтық-кеңселерде қабылдауда. Аталған шара бүгін кешкі сағат 19:00-ге дейін кезексіз жалғасады. Облыс тұрғындары кез келген полицейлерге қатысты сауалдарын қойып, нақты жауап алуға мүмкіндігі бар.