Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: t.me/qr_tjm

Құтқарушылар 12:25 минутта 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Сонымен әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9 –ның денесі табылды. Қазіргі кезде 2 кәмелетке толмаған жасөспірім іздестірілуде.

Еске салайық, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған деген ақпарат тарады.

Сондай-ақ, бұдан алдын суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылғанын жазған болатынбыз.