Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған шара жол қауіпсіздігінің алдын алу мен жол қозғалысы ережесін сақтау мақсатында ұйымдастырылған.
«Рейд кезінде мас күйінде автокөлік айдаған 3 жайт анықталып, 259 жүргізушінің рульде ұялы телефонмен сөйлескені тіркелді. 81 жүргізуші жылдамдықты арттырып, 88 көлік тізгіндеуші маневр ережесін бұзған. 6 көлік бойынша қарама-қарсы жолға шығып кету оқиғасы тіркеліп, айыппұл тұрағына 20 автокөлік қойылды. 48 жүргізуші жолаушылар мен жүк тасу ережесін бұзған. Еңбек тәртібі мен демалысын бұзғаны үшін 10, міндетті техникалық бақылаудан өтпеген 103 жүргізуші жазаланды. 4 жүргізушіге заңсыз жолаушы тасығаны үшін хаттама толтырылды» делінген хабарламада.
Полицейлер жүргізілген осындай жеделдетілген профилактикалық іс-шараны өткізу жол-көлік оқиғасының санын азайтатынына сенімді.