ТҮРКІСТАН.ҚазАҚпарат - Түркістан облысында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз әкесінің малын ұрлаған ер адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ордабасы аудандық ПБ арызданған жергілікті тұрғынның бірі қойларын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан.
Жәбірленушінің 2 қошқары мен 1 бұзауы ұрланған. Оған 180 мың теңге шығын келген. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің баласы болып шықты. Яғни, жас жігіт күндіз үйінің ауласындағы жүрген малды ұрлап алып шығып, мал базарының бірінде сатып жіберген.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.