Тергеу барысында анықтағандай, ұры жергілікті тұрғындардың үйіне пластикалық терезелерін бұзу арқылы кіріп жүрген. Сөйтіп, ақша, алтын бұйымдар мен бағалы заттарды қолды етіп отырған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Қазірдің өзінде жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеден асып отыр. Полицейлер күдіктіден тәркіленген айғақ заттардың бір бөлігін заңды иелеріне қайтарды.
Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ның сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.