Түркістанда көлігінің нөмірін айналмалы етіп жасаған жүргізуші ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері көлігінің мемлекеттік нөмірін айналып тұратын етіп жасап алған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

Кезекті мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, қала тұрғынының өз көлігінің мемлекеттік нөмірін айналатын етіп қайта жабдықтап алып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады. Аталған құқық бұзушылықты жасаған «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып тез арада нәтижеге жетті. Яғни тексеру жұмыстары барысында құқық бұзушы жас жүргізуші анықталып, ол жауапкершілікке тартылды.

Оған ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлімі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Құқық бұзушыға 15 АЕК, шамамен 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.