Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Полицейлердің анықтауынша үй иесінің қаруға рұқсат құжаттары болмаған. Бүгінде аңшылық қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Қазіргі таңда аталған заңсыз қару сақтағандарға қатысты 287 «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.