Түркістан қаласының аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығында 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтек ауданда көпқабатты 58 үй, ІІ мөлтек ауданда 15 үй, ТГЖД аумағында 2 үй орталық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, «Отырар» мөлтек ауданында 38, әкімшілік іскер орталығында 14, жалпы 127 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылытылады.
Бұдан бөлек, І мөлтек аудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен мәдени, рухани орталықтағы 11 нысанға жылу берілді.
Сондай-ақ, Кентау қаласында да жылу орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру жұмыстары жүріп жатыр.