Түркия 1915 жылғы Чанаккале көпірін жаңғырту үшін 280 млн доллар несие алады

Фото: Фото: politeknik.org.tr

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Римге ресми сапары барысында елдің стратегиялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Белгілі болғандай, түрік құрылыс алыбы «Limak Holding» итальялық SACE экспорттық несие агенттігімен 10 жыл мерзімге 250 млн еуро (шамамен 284,23 млн доллар) несие беру туралы келісімге қол қойған. 

Қаражат Кыналы-Малкара тасжолының учаскесін кеңейтуге және жаңғыртуға, соның ішінде негізгі жобалардың бірі – 1915 жылы салынған Чанаккале көпірін дамытуға жұмсалады. Негізгі аралығы 2023 метр және биіктігі 318 метр мұнаралары бар әлемдегі ең ұзын аспалы көпір Түркияның Еуропа және Азия бөліктерін Дарданеллы бұғазы арқылы байланыстырып отыр.

1915 жылғы Чанаккале көпірі мен оның айналасындағы инфрақұрылымды жаңғырту көлік тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, сондай-ақ Түркияның батысындағы экономикалық дамуды ынталандырады. 

Түркия өзінің транзиттік әлеуетін нығайту және елді Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы негізгі логистикалық хабқа айналдыру мақсатында көлік инфрақұрылымын – көпірлер, әуежайлар және тасжолдарды белсенді түрде жаңартып отыр. 

Бұған дейін Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін қала сыртындағы үйлерге сұраныс күрт артқанын жазған болатынбыз