АНКАРА. KAZINFORM – Түркия астанасы Анкарадан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде орналасқан Токаттың Сұлусарай ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Anadolu хабарлады.
Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, сағат 18:11-де жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай аймағында 5,6 балдық жерасты дүмпуі тіркелген.
Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды. Көрші провинцияларда да сезілді.
AFAD жер сілкінісінің айналасындағы оқиғаларды бақылап жатқанын жеткізді.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.