«Өздеріңіз көргендей, жер сілкінісі болған аймақтарда қираған ғимараттардың көбі ескі. Әрине, қазір барлық нысанның құлау себептеріне зерттеу жүргізіліп жатыр. Егер оның барысында нысанның құрылысына сапасыз материалдар пайдаланылғаны анықталса немесе құрылыс стандарттары мен нормалары сақталмаған болса, соларды салған жауапты адамдар сот алдында жауап береді», - деп түсіндірлі Уфук Екиджи.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда қираған ғимараттар құрылысына қатысы бар 564 адам ұсталған болатын.
Бүгінгі брифинг барысында Елші жер сілкінісінен қираған және құлау алдында тұрған 156 мың ғимарат анықталғанын мәлім етті.