Түркия ШЫҰ толық мүшесі болуды жоспарлап отыр

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында Президент сөзінен тікелей трансляция жасаған TRT Haber хабарлады.

Фото: Анадолы агенттігі

Сөз басында Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте одақтастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркия НАТО-ға қауіп төндіретін екі негізгі қауіптің бірі — терроризммен күресте одақтастарынан ниеттестік күтеді. 

Еске сала кетейік, осы айдың басында Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 24-ші саммитіне Режеп Тайип Ердоған серіктес елдің басшысы ретінде қатысқан болатын. 

Ердоған Түркия терроризмге қарсы күресте ШЫҰ-мен диалогты дамытуға мүдделі екенін баса айтты. Оның атап өтуінше, осындай терроризм актілерінің салдарынан миллиондаған адам босқынға айналды. Тек Түркияның өзінде 4 млн босқын бар.

«Атажұртымыз — Орталық Азия елдерімен әр салада ортақ пайда негізіндегі ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз әрі мүдделіміз. ШЫҰ Азия елдерімен диалог орнатуға өте ыңғайлы платформалардың бірі екенін атап өткім келеді», — деді ол.

Осы жиында Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.