Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

КАЙСЕРИ. ҚазАқпарат – Түркияда Сарыз ауданы Кайсери провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Фото: earninginmotion.com

Түркия үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері Анкара уақыты бойынша сағат 13:17-де 7,06 км тереңдікте тіркелген.

Ауданда жер сілкінісінің салдарын анықтау үшін қалалық коммуналдық қызметтер мен шұғыл бригадалар жұмыс істеп жатыр.

Полиция көшелерді күзетуде, жедел медициналық көмек күшейтілген режимде кезекшілік етіп жатыр.

Жер асты дүмпуі халық арасында дүрбелең тудырды. Алайда, қазіргі уақытта провинциядағы жағдай тыныш.

AFAD мәліметінше, ғимараттардың қирауы мен зақымдануы туралы хабарланған жоқ.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қаза тапқандар туралы ақпарат түспеген.