Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

ИЗМИР. ТАСС-ҚазАқпарат – Жұма күні Түркияның батысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хбаралайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат түспеген, цунами қаупі жарияланған жоқ.

Орталықтың мәліметтері бойынша, эпицентр Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Онда 2,5 миллион адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте жатыр.


Фото: cnbcfm.com