Ыстанбұлда прокуратура білім беру мекемелеріне жақында жасалған шабуылдардан кейін әлеуметтік желілерде қорқыту хабарларын жариялады деген күдікке ілінген 25 адамды қамауға алу ордерін бшығарды.
Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, Ыстанбұл полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің мамандары «мектеп шабуылдары» туралы қорқытатын контент таратқан аккаунттарды талдады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті есептер дайындалып, соның негізінде қылмыстық тергеу басталды.
Күдіктілерге «қорқыту арқылы халық арасында қорқыныш пен үрей тудыру» және «қоғамда һшпенділік пен алауыздық тудырумен» байланысты айыптар тағылды.
Атап өтілгендей, іс бойынша 25 айыпталушының 13-і — кәмелетке толмағандар. Бұл ретте 20 күдікті Ыстанбұлдан тыс жерде жүр және оларға қатысты аймақтық бөлімшелердің қатысуымен үйлестірілген шаралар жүргізіліп отыр.
Тергеу амалдары жалғасып келеді. Түркия билігі әсіресе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді ескере отырып, қауіпті контенттің интернетте таралуына қарсы күрестің маңыздылығын атап өтті.
Еске салсақ, Түркия мектебіндегі шабуылдан кейін күдіктілер ұсталып, жүзге жуық аккаунт бұғатталды.