Анталья провинциясындағы Кумлуджа ауданында альпинистерді тасымалдаған шағын автобус жолдан шығып, жыраға аударылды. Жол апатынан жүргізушіні қоса алғанда, 15 адам зардап шекті.
Түркияның mygazete басылымының хабарлауынша, шағын автобус Адрасан ауданынан жолға шығып, Мавикент орамындағы Чердин жерінде апатқа ұшыраған.
Жүргізуші рөлге ие бола алмай, микроавтобус жолдан шығып, аударылып кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер мен жандармерия қызметкерлері жіберілді. Медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, Кумлуджа және Финике аудандарындағы ауруханаларға жеткізді.
Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз. Жандармерия апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияда туристер мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапқан еді.