Түркияда инфляция 49 ай ішінде ең төменгі деңгейге түсті
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, Түркияда жылдық инфляция 2021 жылдың соңынан бергі ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Түркия статистика институтының (TÜİK) мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанында тұтынушылық бағалардың жылдық инфляциясы 30,89%-ды құрады, бұл соңғы 49 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2021 жылдың қарашасында тіркелген, ол кезде инфляция 21,31%-ды құрады.
Тұтынушылық баға индексі айлық мәнінде 0,89%-ға, ал ел ішіндегң өндірушілердің баға индексі 0,75%-ға өсті. Өндірушілер бағаларының жылдық өсімі 27,67%-ды құрады.
12 айлық орташа мәндерді есептеу кезінде тұтынушылық инфляция 34,88%-ға, ал өндірушілер инфляциясы — 25,36%-ға жетті. Бұл көрсеткіш жалдау ақысын индекстеудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін қолданылады. Желтоқсан айындағы деректер жарияланғаннан кейін тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау ақысы 2026 жылдың қаңтарында 34,88%-ға өсуі мүмкін екені белгілі болды.
Еске сала кетсек, Түркия статистика институты (TÜİK) қараша айындағы инфляцияның ресми деректерін жариялады, онда баға өсімінің одан әрі баяулағаны көрсетілген.