Анкара провинциясының Каледжик қалашығында тербелісі 4,5 жел сілкінді. Бұл туралы Түркия Үкімет жанындағы төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы хабарлады (AFAD).
Жер дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 22:52-де тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы 12 шақырым тереңде болған.
Анкара провинциясының губернаторы Васип Шахин Twitter-дегі парақшасында әзірге апаттан зардап шеккендерге қатысты мәлімет келіп түспегенін жазды.