Бүгін провинцияның губернаторы Осман Билгин осындай шешім қабылданғанын жария етті.
Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Газиантептің Нұрдағы қаласы 100 пайыз сүріліп, қайтадан салынады.
Бүгін - зілзаладан кейінгі сегізінші күн. Қазір мұнда үйінді мен қоқысты жинастыру және іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.
- Біздің бүкіл жедел топтар бірге жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысы өз үлесін аянбай қосып келеді. Нұрдағы қаласындағы соңғы 8 пәтерде жұмыс жалғасып жатыр. Біз көп адамнан айырылып қалдық. Дегенмен бұл апатқа да шамамыз келгенше қарсы тұрамыз, - деді губернатор бүгін.
Фото: iStock