Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 81 жастағы тұрғынның қазасын растады. Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған.
Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 79 техника жұмылдырылған.
Еске салайық, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның ошағы Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі шамамен 11 шақырымды құраған.
Аталған аймақта 20 афтершок (кейінгі дүмпулер) тіркелді.