АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Измир провинциясындағы HABAŞ металлургия зауытында болған жарылыстан 10 жұмысшы қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Жарылыс көпірлі кран құлап, газ құбырының зақымдануынан болған. Бұл туралы Kazinform агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Измир провинциясының губернаторы Сүлейман Эльбанның мәліметінше, жарылыс HABAŞ металлургия зауытында жөндеу жұмыстары кезінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:46 шамасында болған.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, тоғыз адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.