Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) жер сілкінісі кезінде үрейленіп қашқан 14 жастағы қыздың қаза болғанын хабарлады.
Төтенше жағдай салдарынан қирау тіркелген жоқ, бірақ зардап шеккен адамдар бар.
– 69 азамат биіктен секіргеннен кейін зардап шеккен. Қазіргі уақытта олардың 46-сы ауруханада жатыр, - деп хабарлады Ішкі істер министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз. Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан.