Мемлекет басшысының айтуынша, апат болған 10 провинциядағы құтқару, іздеу және гуманитарлық жұмыстарға 141 мың адам жұмылдырылған. Оның ішінде шет мемлекеттерден келген құтқарушылар да бар.
Реджеп Тайип Эрдоған отбасын апат аймағынан басқа жерге орналастыруға мәжбүр болған тұрғындарға ай сайын 5 мың лира берілетінін айтты.
Одан бөлек, Түркияда жер сілкінісі болған аймақтағы тұрғын үй құрылысына жауапты тұлғаларға қатысты тергеу басталды. Бұл жайлы елдің әділет министрі Бекир Боздагмәлімдеген.