Түркиядағы жол апаты: Тағы бір қазақстандық ауруханада көз жұмды

Фото: Фото: İHA
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Растаймыз. Ұлдарын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрделерін бүгін Қазақстанға жібереді», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал отбасының отбағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 2014 жылы туған ұлдары да ауруханада болды. Оның денсаулығына аса қауіп төнбеген.